ІІІ Республикалық «Әлихан Бөкейхан» атындағы ғылыми олимпиада

Нұр-Астана қаласында  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасында өткен аптада 5-6- сәуір күндері республикалық ғылыми олимпиада өтті.

Бұл 10-11- сынып оқушылары арасында ІІІ Республикалық «Әлихан Бөкейхан» атындағы ғылыми олимпиада Рухани жаңғыру: «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған ғылыми олимпиадаға қала мектептерінің арасынан №15 қазақ мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Калима Бопанның жетекшілігімен 10-сынып оқушысы Берикбаева Сая  қатысты. Ол «Әлихан Бөкейхан -  ұлт Көсемі, Алаш қайраткері» атты бейне эссе жазып І кезеңнен өтіп, ғылыми олимпиаданың республикалық  кезеңінің  талаптары бойынша  «Тест сұрақтарына жауап беру және өз идеясын қорғау» атты ІІ кезеңінен де жоғары ұпай санымен  республикадан жүлделі ІІ орынға ие болды.

  

Поделиться: