Сәкен Сейфуллиннің шығармаларына арналған ІV қалалық зияткерлік «Оқу күні» мерекесі

         2019 жылдың 25-сәуірі күні Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінде «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру аясында жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 3-сыныптар арасында Сәкен Сейфуллиннің шығармаларына арналған  ІV қалалық зияткерлік «Оқу күні» мерекесі өткізілді.

«Оқу күні» зияткерлік сайысы 3 кезең бойынша өткізілді.

І кезең  « Мәнерлеп оқу» сайысы

ІІ  кезең  «Командалық» сайыс

ІІІ кезең  «Шығармашылық» сайысы

          Мәнерлеп оқу сайысында оқушылар Сәкен Сейфуллиннің шығармаларынан үзінділерді жатқа айтты. Оқушылардың бойынан  шығарманың бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең  сезіну байқалды. Шығармашылық сайыста оқушылар  Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін оқи отырып, өлеңнің мазмұндылығын қылқалам арқылы қағаз бетіне бейнеледі. Командалық сайыста оқушыларға 10 түрлі қызықты тапсырмалар ұсынылды. Топ мүшелері әр тапсырмаға құлшына қатысып, белсенділік танытты. Оқу күні оқушылар үшін қызықты, әсерлі өтті.

 

Поделиться: