«Жас  Ұлан»  ұйымы  — патриоттықтың  жас  буыны

2017 жылғы 15   желтоқсан   күні  Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінде   «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне  орай «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран»  бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  қатарықабылдау рәсімі өтті.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!»-деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді. Осыған орай  Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінен «Жас Ұлан» ұйымының қатары235 оқушы қосылды. Ал «Жас Қыран» ұйымының қатары240 жаңа мүше қабылданды.

Жастар, жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Болашақтың жемісін бүгіннен баптау, оларға дұрыс бағыт беру баршамыздың негізгі мақсатымыз.

Олай болса, қала бойынша  «Жас Қыран » ұйымының қатарына  «№ 31 ЖББОМ» КММ  бастауыш сыныптар арасынан 43 мүше қабылданса, «№17ЖББОМ» КММ «Жас Қыран» ұйымының қатарына 23 бала, ал «Жас Ұлан» ұйымының қатары53 оқушы және «№5 ҚОМ» КММ «Жас Қыран» ұйымының қатарына 37 жаңа мүше қосты. «Жас Ұлан» ұйымын 23 оқушымен толықтырып ерекше көзге түсті. Сонымен қатар,  «№ 1 ЖББОМ» КММ, «№2ЖББОМ» КММ, «№4 ЖББОМ»КММ,   «№7 ЖББОМ» КММ, «№8 ЖББОМ»КММ,  «№ 9 мектеп – лмцейі» КММ, «№11 ЖББОМ» КММ,  «№14 мектеп – лицейі» КММ,  «№ 15 қазақ мектеп – гимназиясы» КММ, «№22 ЖББОМ» КММ, «№32 ЖББОМ» КММ, «№ 1 қалалық гимназия» КММ жаңа мүшелер қабылдады.

Жалпы қала бойынша  «Жас Ұлан»  ұйымында 2048 оқушы бар.  «Жас Қыран» ұйымында 500 мүше бар.

«Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері — әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

Ендеше, «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарықосылған мүшелерге тек сәттілік тілейміз.

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К

В декабре 2017 года в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» в общеобразовательных школах города Темиртау и пос. Актау прошло посвящение в ряды «Жас Улан» и «Жас Қыран», посвященное дню Независимости РК. Таким образом,  учеников начальных классов в рядах «Жас Қыран» — 500 учеников, а в рядах «Жас Улан» -2048 учеников.