2018 жылдың 20 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауы туралы талқылау жұмысы жүргізілді. Іс-шараны Теміртау қаласы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Т.К. Акишев жүргізді. Аталмыш іс-шараға «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысы Е.М. Әшім, «Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығы» КММ басшысы Д. Ш. Канаев, Теміртау қаласы әкімдігінің құқықтық бөлімінің маманы Д.К. Даиров, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының КМК «Теміртау қаласының Балалар ауруханасы» басшысы А.Х. Пя және №4, №10, №17 ЖББОМ педагогикалық ұжымы қатысты. Талқылау жұмысы барысында қалалық білім беру бөлімінің басшысы Е.М.Әшім сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал табуымыз керектігін», — деген сөзін келтіріп, ұжымды бойындағы ақыл-білімімен, жүректегі намыспен елбасының Жолдауын іске асыруға шақырды.

