Алаш қозғалысының 100 жылдығыорай «Бұқарекең жырлайды…» мәнерлеп оқу және жас ақын –жыршылар сайысы

2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы аясында және Алаш қозғалысының 100 жылдығыорай Теміртау қаласының қазақ мектептері оқушылары  арасында «Бұқарекең жырлайды…» мәнерлеп оқу және жас ақын – жыршылар сайысын Теміртау қаласы әкімдігі, Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы Теміртау қаласы білім бөлімімен бірлесіп өткізді.

Аталмыш сайыстың мақсаты: Алты Алаштың ақтаңгер жырауы, көмекей әулие атанған Бұқар жырау Қалқаманұлының жалынды жырларын, асыл мұрасын дәріптеу, қаламыздағы жас ақындардың шығармашылығықолдау көрсету. Қазақ халқының тілін, салт-дәстүрін мәдени –мұраларын дамыту, рухани байлықты насихаттау.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әр номинация бойынша төмендегідей орындарға ие болды.

«Бұқар жырау оқулары»

І орынды №5 қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы Серікжан Ақмарал

ІІ орынды №8жалпы білім беретін орта мектебінің 9 сынып оқушысы  Шерхан Арнагул

ІІ орынды № 29 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Хуанған Арайлым

ІІІ орын  № 4 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 сынып оқушысы  Зардыхан Аяулым

ІІІ орын № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Нурбаева Лаура

 «Жыраулар поэзиясы үлгісімен»

І орынды №5 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы Рыспанбетов Қайрат

ІІ орынды №5 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Ергалиев Алихан

ІІ орынды № 10 жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы  Орынбасарова Ақмарал

ІІІ орын  № 2 жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы  Уатхан Нурбек

ІІІ орын № 8 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Султанбекова Айкен

ІІІ орын № 29 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Батыр Ақмарал

 «Жыршы-жыраулар»

«Жыршы жыраулар»-жыр, терме,дәстүрлі әндер орындаудан 1 ші- орын жеңімпазы №17 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тилеубек Жанарыс.