«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік жас қызметшілер арасында тіл мәдениетін көтеру, үштілділік насихаттау мақсатында «Тіл шебері — 2017» қалалық конкурсы өтті. Нәтижесінде №23 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Қалжанова Гүлда— I орын, №19 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жарылқасынова Жадыра — II орын, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Оспанова Аяулым — III орынды иеленді.


