Теміртау қаласының №15 ҚМГ  «Жасын ғұмыр — Қасым ғұмыр» атты  VI қалалық  Қасым оқулары   болып өтті. Ұлт рухын асқақтатқан поэзияның дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақ бойында Отанға,  халқына,  жерлес ақынымыз  Қасым  мұралары деген   мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға арқау болуға бағытталған.

Аралас мектептердің қазақ сыныптарынан және таза қазақ мектептерінен келген 5-11 сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысқан оқушы саны-21.

        VI Қалалық  Қасым оқулары сайысы төмендегі  төрт кезең бойынша өткізілді:

  1. «…Өзге емес, өзім айтам өз жайымда…» Қасым шығармаларын жатқа оқу;
  2. «Жыры қалды жүректе жарқылдаған. Үні қалды құлақта саңқылдаған…» Қасым өлеңдеріне жазылған әндерді орындаушылардың байқауы;
  3. “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” – жас дарындар байқауы (оқушылардың өз шығармашылығынан);
  4. «Нұрлы дүние — думанды елім…\эсселер байқауы.

Әділ-қазылар шешімімен әр номинация бойынша 21 оқушы қатысып, жүлдегерлер анықталды. Олар:

 «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда…» атты ақын шығармаларын неғұрлым көбірек қамти отырып, мәнерлеп жатқа оқу сайысы бойынша жеңімпаздар:

Бас жүлде – Берикбаева Сая /№15 ҚМГ/;

І орын – Жанұзақ Ақелік  /№9 мектеп-лицейі/;

ІІ орын – Омар Аян  /№5  Ғ.Мустафин атындағы ОМ/;

ІІ орын – Калдыбекова Маржан  /№2 ЖББОМ/;

ІІІ орын – Бегалиева Гульшат /№4 ЖББОМ/;

ІІІ орын – Қасымова Шынар /№10 ЖББОМ/;

ІІІ орын – Тілек Айша /№29 ЖББОМ/;

“Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” атты ақынға өз шығармаларын арнау сайысы бойынша   ең үздік деп танылған жеңімпаздар:

Бас жүлде – Батыр Ақмарал /№29 ЖББОМ/;

І орын  – Тыныбек Тілеубек /№15 ҚМГ/;

ІІ орын – Дамежан Шоқан /№9 мектеп-лицейі/;

ІІ орын – Орынбасарова Ақмарал /№10 ЖББОМ/;

ІІІ орын – Ахметова Балкен /№5  Ғ.Мустафин атындағы ОМ/;

ІІІ орын – Рахметоллаева Гүлжай/№8 ЖББОМ/;

«Жыры қалды жүректе жарқылдаған. Үні қалды құлақта саңқылдаған…» атты ақын әндерін нақышыкелтіре орындау сайысы бойынша 1 оқушы қатысып, 3-орын иеленді:

ІІІ орын – Абдукаримова Перизат /№10 ЖББОМ/.

«Нұрлы дүние — думанды елім…\эсселер байқауы бойынша жеңімпаздар:

Бас жүлде – Асилханова Арайлым /№15 ҚМГ/;

І орын – Ахметова Іңкәр /№9 мектеп-лицейі/;

ІІ орын – Ауелбекова Айгерім /№8 ЖББОМ;

ІІ орын – Кенжебек Жанерке /№5  Ғ.Мустафин атындағы ОМ/;

ІІІ орын – Хуанбай Жайнагул /№29 ЖББОМ/;

ІІІ орын – Райханова Маржан /№4 ЖББОМ/;

 

        Мектептер арасынан топ жарып үздік шыққан №15 ҚМГ болды.

Кеш соңында құттықтау сөзі қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Сандыбаева МадиМейрамовнаға берілді. Қасым оқуларыҚарағанды қаласынан ақындар шақырылды. Атап айтсақ, Облыстық әкімдіктің қолдауымен жарық көретін «Достық аймағы» журналының қазақ бөлімінің редакторы, 2015 жылғы Тәшенов атындағы «Жылдың үздік ақыны» иегері, «Құмдауыт» жыр жинағының авторы Жәлел Қуандықұлы, Аймақтық «Арқа ақшамы» газетінің жауапты хатшысы, 2012 жылғы Тәшенов атындағы «Жылдың үздік ақыны» иегері, «Сынық айна» жыр жинағының авторы Ерболат Қуатбек және «Жыр-Жауһар» поэзия клубының  төрағасы, «Қайыңды көл» жыр жинағының авторы Еркебұлан Елеусізұлы. Келген ақын қонақтар  өлеңдерін оқып, республикалық «Қасым» журналын оқушыларға таратты.