Өткізу орны: «№9 «Ақбота» бөбекжайы».
Өткізілген күні:18.05.2018 жыл.
Ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі. Сауат ашу негіздері.
Өткізген: І-ші санатты тәрбиеші Избанова Гулнара Нурпаисовна.
Тақырыбы: «Ө әрпі мен дыбысы».
Шаттық шеңбері.
Ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі. Ағылшын тілі.
Тақырыбы: Түрлі-түсті гүлдер. Өткізген: Тұрсынхан Баян.
Тренинг «Күн сәулесі». Өткізген педагог-психолог Зейнелбай Розагүл.
Мақсаты: семинар қатысушыларын бір-бірімен таныстыру. Топқа бөліну.
«Бір-бірімізге жылулық шашайық».
Шығармашылық жоба «Менің танымдық кітабым». Дайындаған бөбекжай әдіскері Нагиманова Жанар Тлеукаловжәне ересектер тобының тәрбиешісі Тологон Жемисхан.
«100 кітап» оқимыз жобасы. Ата-аналармен жұмыс.
«№9 «Ақбота» бөбекжайында» «Рухани жаңғыру – білім саласының көкжиегі» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарға Қарағанды қаласы №41 «Гүлдер» балабақшасы, Нұра ауданы Нұра кенті «Алтын дән» балабақшасы педагогтері сондай-ақ Теміртау қаласы балабақшалары (басшылар, әдіскерлер, қазақ тілі мұғалімдері), «Женская гимназия» және Теміртау қаласының білім беру бөлімі әдіскерлері қатысты.
Семинарда ересектер тобының тәрбиешісі Избанова Гулнара Нұрпаисов«Ө әрпі және дыбысы» атты тақырыпта және ағылшын тілі мұғалімі Тұрсынхан Баян «Түрлі-түсті гүлдер» атты тақырыпта ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетті.
Сондай-ақ бөбекжай педагог-психологі Зейнелбай Розагүл «Күн сәулесі» атты тақырыппен тренинг өткізе отырып, барлық қатысушыларды бір-бірімен таныстырды. Қатысушылар күн сәулесінің шуақтарын ұстай отырып, өз есімдерін айтып, екі топқа бөлінді. Тренинг шығармашылық жұмыс жасаумен жалғасты.
Семинарда балабақшалар арасында қоғамдастық жұмысын көрсету және балабақшалар арасында байланыс орнату мақсатында Қарағанды қаласы №41 «Гүлдер» балабақшасының әдіскері Тасымова Салтанат Рахметалиев«Мәңгілік ел – ұлттық идеясы – балабақшада» атты тақырыппен презентация жасай отырып, өз жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ №9 «Ақбота» бөбекжайы» әдіскері Нагиманова Жанар Тлеукаловсеминар тақырыбы бойынша презентация жасады.
Семинар барысында бөбекжай педагогі мен әдіскері бірлесе жасаған «Менің танымдық кітабым» атты шығармашылық жобаның негізінде жасалған кітаптың тұсаукесері өткізілді.


