Теміртау қаласының №4 ЖББОМ ұйымдастыруымен 22 қыркүйек 2018 жылы мұғалімдер күніне арналып, қала мектептері арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.  Жарысқа қала мектептерінен 9 команда қатысты. Жарыс шағын футбол ережесімен өтті. Жарысты қалалық білім беру бөлімі белгілеген төрешілер  алқасы өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды №5 ЖББОМ мұғалімдері жеңіп алды. 2 орында №8 ЖББОМ мұғалімдері ал 3 орын №9 МЛ мұғалімдеріне бұйырды. Жарыс жеңімпаздары қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мадақтау қағазымен және кубокпен марапатталды.