2018 жылдың 05 қазан күні Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында «Қарағанды облысы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын білім қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы тағайындалатын сыйлығын беру» іс-шарасы өткізілді. Ұстаздардың төл мерекесі – Мұғалімдер күні қарсаңында облыс әкімінің сыйақысы тарту етілді. Атаулы мерекеде Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоңыртаева Гүлмира Мақсұтбековна  «Пәндік олимпиадалар жеңімпаздарын тәрбиелеген үздік педагог» номинациясы бойынша облыс әкімінің сыйақысымен марапатталды.

Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Облыс әкімінің сыйақысы» конкурсының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. Оған Теміртау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен білім беру ұйымдарының педагогтері жұмыстарын ұсынды. «Үздік пән мүғалімі», «Үздік балабақша педагогі», «Үздік бастауыш сынып мүғалімі», «Пәндік олимпиадалар жеңімпаздарын тәрбиелеген үздік педагог» және «Кәсібіне деген адалдық» номинациясы бойынша үздік деп таңылған 7 педагогтің жұмысы облысқа іріктеліп  жіберілді. Қаламыздан жыл сайын «Облыс әкімінің сыйлығы» конкурсықатысушылар саны артып келеді. Теміртау қаласы ұстазының топ жарып  облыс әкімінің арнайы сыйлығыие болуы қаламыз үшін мақтаныш.