2018 жылдың 19 қазанында Теміртау қаласы №31 жалпы білім беретін орта мектебінде «Бағдарламаның жеті модулін жаңа білім беру ортасында қалыптастыру үшін жағдай  ретінде сабақты тиімді ықпалдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Жеті модульдің  негізгі ұғымдары мен тәсілдері және оларды іс-тәжірибеде пайдалану жолдарын ұсыну, жеті модуль  әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде жинақтау мақсатында өткен семинарға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында 7 модульді ықпалдастыра отырып құрылған барлық тапсырмалар мен жұмыстар қамтылды. Өз тәжірибесіне 7 модуль элементтерін еңгізіп, деңгейлік курсын оқып келген мұғалімдер семинардың тәжірибелік бөлімінде С.А.Кудашева, А.Б.Уасилова және Р.Г.Искакова ашық сабақтар  өткізді. С.А.Кудашева   «Жаңартылған білім мазмұны аясында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып  барысында  жаңартылған білім мазмұны аясында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді талдады. Теміртау қаласы №31 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен семинар өз жұмысын сәтті аяқтады.