Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы  № 637 Жарлығыжәне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасы2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 14 қараша күні сағат 11.00-де республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.

Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу мақсатында өткен диктантқа  «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ барлық білім беру ұйымдары қатысты.  Диктантты 9-11 сынып оқушылары мен педагогикалық ұжымнан 3500 адам жазды. Диктант жазу барысында әр қатысушыға латын графикасынегізделген қазақ тілі әліпбиі мен диктант жазуға арналған арнайы парақтар таратылды. Соңында  Әрбір қатысушы өз жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалады.