2019 жылдың 15 наурызы күні «Теміртау қ. №4 ЖББОМ» КММ «Вариативтік курстар арқылы білім алушылардың жеке және әлеуметтік құзіреттілігін дамытудағы мектептің рөлі» тақырыбында мектеп басшыларыарналған қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты «2016-2019 жылдарға арналған Мектептің даму стратегиясының» іске асырылуын қорытындылай отырып, жаңа міндеттерді айқындау болды.
«Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын көрмеде «Туған жерім – тұғырым» вариативтік курсы аясында 7-сынып оқушыларының «Туған жерімнің жер бедері», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Қазақстанның киелі нысандары», «Қазақстанның пайдалы қазбалары» жобалары, ғылыми жобалар, мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмыстары мен мұғалімдер арасында жүргізілген кәсіби конкурс материалдары таныстырылды. Математика-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Мектеп мұғалімдерінің күшімен жасалған «Үш адамдық шахмат», «Төрт адамдық шахмат», «Үш адамдық дойбы», «Төрт адамдық бұрыштар», «3D басқатырғыш», «Кендама» сияқты ақыл-ойды дамытатын интеллектум ойындары мен роботтар үлгісі ұсынылды.
Сонымен қоса, вариатив курстарынан ықшам сабақтар көрсетілді. Атап айтқанда, «Домбыра шертейік...», «Экология және мен», «Қара жорға биінің ежелгі үлгісі», «Дыбыс пен жаңғырық» (физика, информатика терминологиясы ағылшын тілінде), «Гидропоника әдісімен өсімдік өсіру», «Қуыршақ» театры (инклюзивті білім беру жағдайындағы оқушылармен жұмыс), «Ағылшын тілін үйренейік» (жазғы мектеп жұмысы), қолөнер сабағы, «Морждану (сумен шынығу). Семинар жоғары сынып оқушыларының «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты үш тілдегі әдеби-музыкалық композициясымен аяқталды.

