28 ақпан 2019 жылы «№19 ЖББОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдыларын деңгейлік саралау» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шара барысында жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудың және критериалды бағалаудың негізгі мәселелері қаралды. Нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау мұғалімдер қызметіндегі кейбір мәселелерді шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Бастауыш сынып мұғалімдері тиімді сабақты жоспарлау және өткізу кезінде деңгейлік дифференциацияны пайдаланудың маңыздылығын бағалай отырып, Б. Блумның оқу мақсаттарының таксономиясысәйкес ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша бөлінген жиынтық тапсырмалардың жобаларын, бағалау критерийлерін әзірледі.
Жұмыс тәжірибесімен алмасу және ашық пікірталас бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.

