«Латын графикасын меңгертудің озық тәсілдері» атты қалалық семинар

 

2019 жылдың 10 сәуірінде  Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,  «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарысәйкес   «Теміртау қаласының  №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ базасында «Латын графикасын меңгертудің озық тәсілдері» атты қалалық семинар өтті.

         Оқыту процесінде латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгерту, педагог қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткен семинарға Тілдерді дамыту орталығының басшысы М.Б. Ахметжанова, Тілдерді дамыту орталығының әдіскері  Г.Н.Сыздыкова және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар басында оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры – Алматы апорты»  тақырыбында  REАD және «Латын әліпбиіне көшудегі өркениеттік көзқарастар» тақырыбында ТЕDх форматында өз ойларымен бөлісті.

Тілдерді дамыту орталығының басшысы М.Б. Ахметжанова шара барысында жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіріп, мұғалімдермен  практикалық жұмыстар жүргізді.

Ары қарай іс-шара 10-11-сынып оқушыларының  «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғырту жолы» тақырыбындағы ашық сабақпен, «Сандық технология арқылы жаңа әліпбиді меңгертудің  тәсілдері» атты іс-тәжірбе алмасу жұмыстарымен жалғасты. Семинар соңында семинарға қатысушылар семиардан алған әсерлерімен бөлісіп,  өз пікірлерін білдірді.

Бөлісу: