Жалпы білім беретін орта мектептердің (гимназия, лицей)
5-11 сынып оқушылары арасында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты VІІ қалалық Қасым оқулары байқауы
«Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарысәйкес, Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, 5-11 сынып оқушыларын ақын Қасым Аманжоловтың рухани мұрасыдеген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың 04 наурызында Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты VІI қалалық Қасым оқулары болып өтті. Ұлт рухын асқақтатқан поэзияның дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақ бойында Отанға, халқына, жерлес ақынымыз Қасым мұралары деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға арқау болуға бағытталған.
Байқауға жалпы білім беретін орта мектептердің (гимназия, лицей) 5-11 сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысқан оқушы саны – 44.
/storage/Novosti/Kasym_okulary/Kasym_okulary.pdf

