


Теміртау қаласының білім беру ұйымдарында 2019 жылдың 1 мен 12 ақпаны аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өтті.
Онкүндіктің мақсаты қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру ұйымдарында онкүндік «Махаббат және мейірімділік күні» тақырыбымен салтанатты жиынмен ашылды. Білім беру ұйымдары онкүндіктің әр күнін «Махаббатқа толы жүрек», «Қайырымды істер күні", «Жақсы көңіл күй күні», «Отбасы күні», «Қуаныш күні» атауларымен қызықты да қуанышты ұйымдастырды.
"Мейірім төгетін ана"атты кітап көрмесінде адамгершілік - рухани білім беру «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметімен танысты.
Балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Біз ойнауды сүйеміз» және «Мейірімділік сыйла!» флэш - мобы өткізілді.
12 ақпан күні қала балабақшаларында «Ән – көңілдің ажары» атты мерекелік концертке ұласса, мектептердің бірінші сабақтарында «Мейірімділік асыл қасиет», «Өнеге - отбасынан», «Қызығы толы бұл әлем», «Кәусар бұлақ тұнығынан» тақырыптарында «Өзін-өзі тану» сабағы өткізілді.
Онкүндік өз туған өлкеміздің, еліміздің өскелең ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтар гуманизм, толеранттылық, өзара көмек, жолдастық сезімдерді тағдыры үшін жауапкершілікке, тәрбиелеуге лайықты үлес қосты.