«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиада

2019 жылдың 2 сәуірінде Қарағанды қаласының Н. Нұрмақов атындағы ММИ базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Теміртау қаласынан «БТКЛ» КММ және «№9 МЛ» КММ оқушылары қатысты. Байқау тақырыбы: «Жастар жылындағы педагог мәртебесі». Жоғары сынып оқушылары 2 кезеннең тұратын тапсырма орындады. 1 тапсырма:  Өзін-өзі таныстыру «Жаса! Қатыс! Жеңіске жет!». Тапсырма бойынша оқушылар өз мектебінің ерекшеліктерінің сипаттады.

         2 тапсырма «Мұғалім! Жер бетіндегі ең маңызды мамандық!» (Идея: Мен мұғалім мамандығын таңдаймын). Бұл тапсырмада оқушылар  тақырыптың мазмұнын  аша отырып команданың білімділігі және дербестік деңгейі анықталды. Педагогикалық олимпиаданың нәтижесінде «ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ» номинациясы бойынша «№9 МЛ» КММ командасы ІІІ орынға ие болды.

Поделиться: