Нұр-Астақаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасында өткен аптада 5-6- сәуір күндері республикалық ғылыми олимпиада өтті.
Бұл 10-11- сынып оқушылары арасында ІІІ Республикалық «Әлихан Бөкейхан» атындағы ғылыми олимпиада Рухани жаңғыру: «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған ғылыми олимпиадаға қала мектептерінің арасынан №15 қазақ мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Калима Бопанның жетекшілігімен 10-сынып оқушысы Берикбаева Сая қатысты. Ол «Әлихан Бөкейхан - ұлт Көсемі, Алаш қайраткері» атты бейне эссе жазып І кезеңнен өтіп, ғылыми олимпиаданың республикалық кезеңінің талаптары бойынша «Тест сұрақтарыжауап беру және өз идеясын қорғау» атты ІІ кезеңінен де жоғары ұпай санымен республикадан жүлделі ІІ орынға ие болды.

