23 маусым күні «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласы Төтенше жағдай басқармасы мен Теміртау қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Астакүніне орай «Қауіпсіз жаз» атты сурет байқауы болып өтті. Байқауға «№ 2 ЖББОМ» КММ,«№ 3ЖББОМ» КММ, «№ 4 ЖББОМ» КММ, «№5 ҚОМ»КММ, «№ 6 ЖББОМ» КММ, «№ 8 ЖББОМ» КММ, «№ 10 ЖББОМ» КММ, «15 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, «№ 19 ЖББОМ» КММ, «№ 22 ЖББОМ» КММ,и«№ 24 ЖББОМ» КММ, «№ 27 ЖББОМ» КММ, «№ 31ЖББОМ» КММ сауықтыру алаңдарында демалып жатқан 36 бала қатысып, бағын сынады.
Қатысушылар өртті болдырмау, өртпен ойнамау, мерекелік іс-шаралар және де басқа да жағдайларда өрт қауіпсіздігінен сақтану сынды тақырыптарға суреттер салды.
Балалардың өнерін Теміртау қаласы Төтенше жағдай басқармасының басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі Алпысбаев Арман Сагинтаевич, Теміртау қаласы Төтенше жағдай басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің басшысы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Назаров Александр Анатольевич, «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының педогогтері Ходарева ИриМихайловна, Коваленко Наталья Владимировна, Рябикова Мария Александровтаразылады.
Қорытындысында І орын «№ 31ЖББОМ» КММ оқушысы Муслимова Иринаға бұйырса, ІІ орынды «№ 19 ЖББОМ» КММ оқушысы Обуховская Анастасия және ІІІ орынды «№ 3ЖББОМ» КММ оқушысы ТокмиАлена иеленді. Жеңімпаздарға мадақтама қағаздар мен сыйлықтар табысталды.
Мәдени – бұқаралық бөлім меңгерушісі Ботагөз ТолеубаевБельгибаева
