Теміртау қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарысәйкес Үштілділікті дамытудың 2015- 2019 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 22 қыркүйекте Теміртау қаласының №16 ЖББОМ ММ-нің базасында оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәнінің мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілділікті дамытуды іске асырудың ерекшеліктері, сыныптан тыс іс-шаралар бойынша дарынды балалармен жұмыс» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.
Семинарда қазақ тілі және әдебиеті, орыс, ағылшын пәнінен қалалық мектептерінің мұғалімдеріне шеберлік сынып көрсетіп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектебіміздің пән мұғалімдері қазақ тілі, ағылшын және орыс тілі сабағында дарынды балалармен жұмыс бойынша сыныптан тыс оқытудағы іс- тәжірибелері, пәнді оқытудағы ерекшеліктері, жаңа әдіс-тәсілдері жайлы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. «Латын әліпбиіне көшу туралы ҚР-дағы ауқымды реформалар» атты баяндама оқылды. Семинарға қала мектептерінің орыс сыныптарындағы 24-тен астам пән мұғалімдері шақырылды.

