Мұғалімдер күні
2017 жылдың 5 қазанында Теміртауда қала әкімінің орынбасары Д.Ж.Есімхановтың қатысуымен қалалық мәдениет сарайында Мұғалімдер Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, облыстық білім басқармасының, қоғамдық мекемелердің өкілдері және қалалық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Мерекеде қаламыздың педагогтері білім саласындағы қажырлы еңбектері үшін төмендегідей мадақтамалармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен Теміртау қаласының №9 мектеп-лицей директоры Нұрғалиева Құралай Ақназаровна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен Бірінші Теміртау Классикалық Лицей директорының орынбасары Хотенова Татьяна Александровмарапатталды.
Теміртау қаласы Әкімінің Құрмет грамотасымен Теміртау қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Абенова ДаСайлаубековна, №2 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Исина Умгүлсін Ақмалиқызы, Ақтау кенті Балалар-жасөспірім шығармашылық орталығының басшысы Седова ЕкатериГеоргиевна, №18 «Балдырған» балабақшасының директоры Тодораш Любовь Анатольевмарапатталды.
Қарағанды облысы білім басқармасының алғыс хатымен Теміртау қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Кудайбергенова ЕкатериКазимировна, №4 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры ФаткулиШолпан Муратовна, №20«Әдемі» балабақшасының басшысы Кутжанова Инкара Жакиевна, №10 жалпы білім беретін орта мектеп директорының орынбасары Байханова Ляззат Абдыгалымовна, Бірінші Теміртау классикалық лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ТуркиЛюдмила Константиновна, Т.Әубәкіров атындағы жеке меншік мекемесінің биология пәнінің мұғалімі КлимушкиЮлия Анатольевна, «Әлем» балалар- жасөспірімдер орталығы сән театрының жетекшісі Миронова МариОлеговна марапатталды.
«Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрмет грамотасымен №19 жалпы білім беретін орта мектебі директорының міндетін атқарушы Ашкеева Айман Орынтаевна, № 8«Гүлдер» балабақшасының директоры Бойкова ЕлеБорисовна, №3 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Токайчук Валентина Борисов марапатталды.
Мерекелік шарада қала педагогикалық жұртшылығын мерейлі мерекесімен құттықтап, мерекелік кешімізді әдемі әуенімен Тәттімбет атындағы облыстық академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері Дүйсен Үкібай, халықаралық конкурстың лауреаты Гульмира Топай «Кәнеки тілім», Қазақ Ұлттық өнер Университетінің түлегі Нұрслан Сайдалин «Сарыарқа», Динар Тұңғышбаеваның орындауында «Как молоды мы были» әсем әндерімен, облыстық хореографиялық «Шолпан» би ансамбльдері өнер көрсетті.

